Қуат Хамитов айқасқа шақырған ресейліктерге үзілді-кесілді талабын қойды

16 маусым 2022 10:31
©instagram.com/kuat__khamitov/

Қуат Хамитов (21-8) жекпе-жекке ұсыныс алғаннан кейін оны өткізетін жерді таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев 34 жастағы қазақстандыққа 32 жастағы ресейлік Алексей Махномен (25-8) айқасқа шығуды ұсынған.

"@fightnights пен @kamilgadzhiev, менің шаршы алаңға оралуым Қазақстанда, отанымда болғанын қалаймын! Бұл менің мотивациямды арттырады", - деп жазыпты Хамитов.

Мұның алдында Гаджиев Хамитов - Махно жекпе-жегін өткізуге болатын бірнеше орынды атаған еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport