Қуат Хамитов 64 қарсыласын жеңген чемпионға үн қатты

©instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) үн қатты, деп жазады Vesti.kz.

Спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

"Челябіде көрісеміз, чемп", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі стористе.

Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрлығалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты.12 жеңіс нәтижесі бойынша, ол Bellator гран приін екі рет иеленді, орта салмақта чемпион атанып, оны үш рет қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport