Единоборства
21 сәуір 2017 19:16
 
Қуат Хамит Fight Nights ұйымының чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Қуат Хамит Fight Nights ұйымының чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. 

Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. 

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитов үшін Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында ресейлік Гаджи Рабадановтан үстем түскен еді. 

Жарнама

Живи спортом!