"Көзіме жас келіп тұр". Хабибтің бапкері әкесі туралы соңғы хабармен бөлісті

19 маусым 2020 17:05
Сурет: Allboxing
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес оның әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Sports.ru. 

"Үш күн бұрын Хабиб хабарлама қалдырған. Әкесі жақсарып, оңалып келе жатыр екен. Тағы бір ортақ танысымыз Абдулманап коронавирустан сауыққанын айтты. Жүрегіне отадан кейін қиындықтар болған. Әлбетте мен уаймдаймын, тіпті көзіме жас келеді. Мұндай ұлы адам сауығып шыққанын қалаймын", - дейді Мендес. 

Еске салайық, файтердің 57 жастағы әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын және індет осал жүрекке ауырлық түсіргенін хабарлаған еді.

"Жағдай өте ауыр". Хабиб әкесі мен коронавиурс жайында мәлімдеме жасады