"Көшпенді" жұлдыз болары анық". АҚШ-та көптен бері Шавкаттай мықты спортшы болмағаны айтылды

28 маусым 2021 13:17
Сурет: MMA Mania

Америкалық Sportskeeda.com порталы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі екінші жеңісінен кейін оның болашағына қатысты пікір жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті мерзімінен бұрын жеңген бірінші файтер. Жартылай орта салмақта UFC-де Рахмонов сияқты мықты спортшы көптен болмады. Хамзат Чимаевты есепке алмағанда. 

UFC 254 турниріндегі бірінші жекпе-жегінде Рахмоновтың өзге бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені өз деңгейінде бағаланбаған болар. Алайда осы жолғы Празересті таза жеңгені "Көшпендінің" жартылай орта салмақ жұлдызы болатынын анық байқатып тұр", - делінген мәтінде.