"Қорқынышты адам". Ресейлік файтер Хабибтің досы туралы

18 қаңтар 2022 09:58
Ислам Махачев. ©"Вестник Кавказа".

Жеңіл салмақтағы ресейлік файтер Вячеслав Борщев UFC Vegas 46 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. Ол қарсыласы америкалық Дакота Бушты бірінші раундта бауырынан соққы жасап құлатты. 

Бұл жекпе-жекті тамашалаған дағыстандық спортшы Ислам Махачев "Борщев бүгін борщ қылды" деп "твиттерде" жазыпты.

"Иә, көрдім, күлкілі. Қылжақтап тұрғандай көрінетін шығар, солай болса да, мейлі. Бастысы, ескеріпті. Ол бір дөрекі түрде айтқан жоқ қой. Оның үстіне ол сондай қорқынышты адам - бірдеңе айтып көр", - дейді Борщев бұл жазба туралы "Разрешите вас перебить" арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: