Көпшілік асыға күтіп жүрген ACA турнирінің қайда өтетіні анықталды

Артем Резников. Сурет: ACA©
Көпшілік асыға күтіп жүрген ACA (Absolute Championship Akhmat) турнирінің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. 

Алдағы ACA 111 турниріне біздің отандасымыз да қатысады. Тарқатып айтсақ, жеңіл салмақта сынға түсетін Артем Резников айқасады. Оның қарсыласы ресейлік Юсуф Раисов болады. 

Әу баста бұл екі спортшы арасындағы кездесу 5 қыркүйек күні өту керек болатын Кейін ұйымдастырушылар 19 қыркүйек күні Мәскеу қаласында өтетін ACA 111 кездеседі деп шешті. 

24 жастағы Раисов аралас жекпе-жекте 16 кездесуде жеңіске жетсе, бір ғана кездесуде жеңілген. Ол қазіргі уақытта жеңіл салмақта ACA рейтингінің екіншісі сатысына жайғасқан. 

Отандасымыз Артем Резинков болса 27 кездесу өткізіп, оның 21 кездесуінде жеңіске жетсе, 6 кездесуде жеңілістің кермек дәмін татқан. 


 
Метки: