Көп күткен жекпе-жек! Шавкат Рахмонов қарсыласымен көз арбасты

3 наурыз 2023 15:53
©Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-4) көз арбасты. Ресми рәсімнен кейін қол алысып, тату тарасты.

Екі спортшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 285 турнирі аясында өтеді. Жартылай орта салмақта өзара мықтыны анықтайтын болады. Қазақстандағы уақыт бойынша 5 наурыз күні таңда шығады.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін UFC-де 4 жекпе-жек өткізді. Оның барлығында қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport