"Қоңырау шалса болды". Хабиб Дастин Порьеге қатысты мәлімдеме жасады

16 желтоқсан 2021 10:14
©Reuters

Eagle FC лигасының қожайыны Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьемен (28-8-0-1) келісімшартқа отыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол АҚШ-тағы баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Порьені Eagle FC лигасына 75 келіге аламын. Егер UFC оны жіберсе - онымен келісімшарт жасауға дайынмын. Алға, Дастин! Қоңырау шалсаң болғаны", - дейді Нурмагомедов. 

Айта кетейік, Хабиб пен Порье 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасқан. Бұл айқаста Нурмагомедов екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, титулын екінші рет қорғап қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport