"Конормен кездеспейді". Нурмагомедовтің менеджері спортшының алдағы жоспары туралы айтты

Хабиб Нурмагомедов. Фото: mmafighting.com©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің менеджері алдағы уақытта үлкен кездесу өткізетінін айтты. Али Абдель-Азиздің айтуынша, бұл кездесуде оның қарсыласы Конор МакГрегор болмайды екен. 

"Нурмагомедовтің келесі қарсыласы Конор МакГрегор немесе Жорж Сен-Пьер болмайды. Біз Дана Уайт екеуміз үлкен шоу жасайын деп жатырмыз. Бірақ дәл қазір Джастинмен өтетін кездесуді күтейін. Бұл жеңіл салмақтағы ең үздік кездесулердің бірі болады", - деді Абдель-Азиз. 

Еске салайық, Хабиб келесі кездесуін 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтжи болады. Бұл жекпе-жек кешінде қазақстандық спортшылар Шавкот Рахмонов пен Сергей Морозов та кездесу өткізеді. 




Метки: