Бастапқыда Фергюсон Хабибпен жұдырықтасу керек болатын, алайда, ресейлік бұдан бас тартты. Ал Гэтжи шілдеде МакГрегормен күш сынасып, қос кездесудің жеңімпаздары өзара жекпе-жекке шығады деп жоспарланған еді.
"Мына коронавирус пандемисясы бәріне әсер етіп жатыр. Біз үш кешімізді шегердік, алда осы бойынша жұмыс істейміз. Мұның бәрі кімге қалай әсер тетерін білмеймін, өйткені Конор Хабибпен қарымта қалайды, ал Хабиб Фергюсон-Гэтжи кездесуінің жеңімпазымен қырқүйектен ерте жұдырықтаса алмайды. Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Мұндайды ешкім алдын ала болжай алмайды, осылай болды, енді осымен айналысамыз. Бәрін шешеміз", - дейді Уайт.