Конор Порьемен жекпе-жек келісімшартына қол қойды

20 қараша 2020 14:38
Сурет: Fightnews.info

Екі салмақта UFC ұйымының экс чемпионы Конор МакГрегор промоушеннің бұрын уақытша чемпионы Дастин Порьемен жекпе-жек келісімшартына қол қойды,- деп хабарлайды MacLife.

Еске салайық, мұның алдында UFC басшысы Дана Уайт бұл кездесу 2021 жылдың 23 қаңтары Жекпе-жек аралында өтетінін құлақтандырған.

Конор кейінгі рет октогонға 2020 жылы қаңтарда шығып, Дональд Серронені нокаутқа түсірген еді. Порье болса, маусым айында Дэн Хукерді жеңген.