Конор МакГрегордың октагонға қашан оралуы мүмкін екені белгілі болды

19 шілде 2019 10:40
UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың октагонға қашан оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат" TMZ-ге сілтеме жасап. 

"Конор 2019 жылдың аяғында немесе 2020 жылдың басында оралады деп ойлаймын. Қыркүйектегі турнирлердің қалай өтетінін көрейік.

Жоқ, Конор Нурмагомедов - Порье жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеспейді. Бірақ бұл жекпе-жекте кімнің жеңгеніне қарамастан, дивизионда маңызды өзгерістер болады", - деді Уайт.

Макгрегор 2018 жылдың қазанынан бері жекпе-жекке шыққан жоқ. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған, ал кездесуден кейін жаппай төбелес болып, екі спортшы да жазаланған болатын.

Кейін МакГрегор ММА-ден кеткенін хабарлаған еді, бірақ артынша октагонға оралатынын бірнеше рет айтты.