Конор МакГрегордың келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

15 желтоқсан 2021 14:23
©UFC

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана тәлімгерінің келесі кездесуі қашан өтетінін айтты. 

"Ол бірнеше мәрте жеңіске жетті, сонымен қатар, жеңілді де. Бірақ Конор ешқашан берілмейтін спортшы. Ол үнемін қайта оралады. МакГрегор осы спортпен өмір сүреді. Бәріміздің жолымыз болмайтын сәттер болып тұрады. 

Конор қашан оралады дейсіз бе? Жаздың басында. Осы уақытта қайта оралуды көздеп отыр. Мен жуырда онымен кездесемін, ол қазір Дублинге келді. Сондықтан Ирландияға оралғанда оны кездестіремін. Біз Proper Twelve ашып, Рождество мерекесін тойлап, содан соң келесі кездесу туралы сөйлесеміз", - деді Кавана MMAJunkie басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, қазіргі уақытта МакГрегор UFC 264 турнирінде Дастин Порьемен айқас барысында сындырып алған аяғын емдеуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: