Единоборства
30 қараша 2017 17:38
 
Конор МакГрегордың әкесі ұлының ирландиялық "мафия" өкілдерімен төбелесті деген мәлімет туралы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Конор МакГрегордың әкесі ұлының ирландиялық "мафия" өкілдерімен төбелесті деген мәлімет туралы пікір білдірді Конор МакГрегор. Сурет British GQ

Ирландиялық файтер Конор МакГрегордың әкесі ұлының ирландиялық "мафия" өкілдерімен пабта төбелесті деген мәлімет туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Р-Спорт". 

Irish Sun мәліметінше, Макрегор қылмыс әлеміне қатысы бар бір адамның әкесімен жандалдасқан. Басылым дереккөзіне қарағанда жәбірленуші ер адамның ұлы "Кинахэн қылмыстық тобының аса қауіпті өкілі" екені айтылған. 

"Ол ешқашан өзіне тиіскен адамды жазасыз қалдырмайды. Осыдан кейін оның таяқ жеді дегеніне қалай сенесіздер. Тіпті олардың бізден 900 мың еуро алғысы келеді деген де сыбыс жүр", - дейді әкесі.

Тони МакГрегордың айтуынша, Конорға ештеңеден қорқудың қажеті жоқ екен. 

"Бұл жаңалықтың барлығы - өтірік. Ары қарай бұл жайт тым жағымсыз әрі күлкілі болып бара жатыр. Біз ештеңеден қорықпаймыз. Ешкім бізге қоқан-лоқы жасап жатқан жоқ. Біз заңға бағынатын отбасылардың қатарынанбыз", - дейді Тони МакГрегор. 

Еске салайық, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін тамыз айында бокс ережесі бойынша Флойд Мейвезерге қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Бұл жекпе-жек үшін ирландиядық спортшы 30 миллионнан аса сыйақы алды. 

Жарнама

Живи спортом!