Конор МакГрегор UFC ұйымында келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды

21 қаңтар 2022 13:52
©UFC

UFC ұйымының президенті Дана Уайт екі салмақ бойыншы промоушеннің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың қашан жекпе-жек өткізетінін айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Менің ойымша ол жазда оралады. Бірақ нақты деп айтуға келмейді. Барлығы оның жарақаты қашан жазылатынына және тағы жазға дейін болып қалуы мүмкін миллион себепке байланысты. 

МакГрегорға қатысты өтірік ақпарат таратудың қажеті жоқ. Конор маған қоңырау шалып, дайынмын десе, біз оның келесі кездесуі туралы сөйлесеміз", - деді Уайт ESPN MMA арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, соңғы мәрте МакГрегор UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьемен кездесіп, жеңіліп қалды. Бұл айқастың бірінші раундында ирландиялық аяғын сындырып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: