Конор МакГрегор техникалық нокаутпен жеңілді

11 шілде 2021 11:42
сурет: fightnews

Конор МакГрегор америкалық Дастин Порьемен өткізген айқасында жарақат алды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. UFC 264 турнирінің басты кардында ирландиялық спортшы бірінші раундта аяғын қайырып алған.

Конор жекпе-жек барысында артқа қарай шегіне бергенде аяғын қайырып алған. Нәтижесінде ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған Порье бірнеше соққы жасап үлгерген.

Дәрігерлер ирландиялық ММА шеберінің жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеген соң, Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Метки: