Конор МакГрегор танымал диджейдің мұрнын сындырды

18 қазан 2021 16:53
©UFC

Танымал италиялық әнші әрі диджей Франческо Факинетти UFC спортшысы Конор МакГрегор түнгі клубтардың бірінше мұрнын сындырғанын айтты. Диджейдің мәліметінше, ирландиялық спортшы оған жәйден-жәй шабуыл жасаған. 

"Түнде маған МакГрегор шабуыл жасады. Ол мені көпшіліктің көзінше ұрып, мұрнымды сындырды. Конор ешқандай себепсіз тап бере салды. Біз оған дейін екі сағат әңгімелесіп, көңіл көтеріп едік. Менің үндемей қалуыма болатын еді. Бірақ бұл жағдайды айтуға шешім қабылдадым. МакГрегор - қауіпті адам. Мен еш себепсіз таяқ жедім. Сол жерде болған кез-келген адам зардап шегуі мүмкін еді. Тіпті менің әйелім мен балам да. Сол үшін де МакГрегорды сотқа беріп отырмын", - деп келтіреді диджейдің сөзін MMA Mania. 

Еске салайық, Конор Ватиканға ұлын шоқындыру үшін келген болатын. Ол іс-шара аяқталған соң, бірден түнгі клубқа барған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: