Конор МакГрегор тағы да ұсталды

24 наурыз 2022 13:20
©Sportbox

UFC ұйымының екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор көлікті қауіпті жүргізгені үшін Дублинде ұсталды, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы The Irish Independent басылмына сілтеме жасап.

Спортшы сейсенбі күні ұсталған, ал оның 170 мың еуро тұратын "Бентлиі" уақытша тәркіленді. МакГрегор полицияға жеткізіліп, кейін кепілге босатылды.

Аталған құқық бұзушылық үшін ирландиялық файтер бес мың еуро айыппұл төлейді немесе алты айға бас бостандығынан айырылады. Сот отырысы сәуір айында өтпек.

Еске салайық, 2017 жылы Конор жылдамдықты асырғаны үшін 400 еуро айыппұл төлеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport