Конор МакГрегор мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады

©UFC

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Барлық мұсылман достарымды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Абу-Даби мен Дубай керемет қала. Мен және отбасым бұл қалада өткізген әрбір сәтімізді бағалаймыз. Бұл қаланың адамдары мен өмір сүру қағидасы мүлде ерекше", - деп жазды файтер әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, МакГрегор соңғы айқасын өткен жылы 11 шілдеде өткізіп, Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Сол кездесуде Конор аяғын сындырып алды. Қазіргі уақытта ол жарақатынан емделуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport