auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов UFC 229 турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша табыс табады?

Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов UFC 229 турниріндегі жекпе-жегі үшін қанша табыс табады?
© bleacherreport.com
Аралас жекпе-жектің бір бөлігі - бұл спорт түрі мемлеккеттік құрылымдардан немесе меценаттардан ақша сұрамайды. ММА жарыстары - нағыз кәсіби жобалар. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде салған қаражатын әр жекпе-жектен шығарып алатыны сөзсіз. 

Америкалық UFC промоушені 7 қазанда ұйымдастырып отырған Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек - заманауи спорттағы ең сәтті жобалардың бірі. Оның рейтингі мен қаражаты жыл санап өсіп келеді және Лас-Вегаста өтетін супербой көптеген рекордтарды жаңартатынына күмән жоқ. 

"Спорт-Экспресс" басылымы осы жарыстың қаржы саласын зерттеп көрді. 

Негізгі табыс көзі ақылы трансляциядан түседі. Хабиб - Конор жекпе-жегінің PPV сатылымдары 89,95-99,95 доллар аралығында болады. 

Қазіргі уақытта шамамен 2,5 миллион ақылы трансляция сатылған. Рекорд 2017 жылы 26 тамызда Мейвезер - Макгрегор арасында өткен бокс кешіне тиесілі - 4,6 миллион сатылым. UFC 229 ұйымы бұл көрсеткішті жаңарта алмас, бірақ шамамен үш миллион сатылымнан 270 миллион доллар табыс табады. Бұл соманың жартысы PPV операторлары мен көрсетілім ұйымдастырушылары алады. UFC болса 135 миллион долларды қанжығасына байлайды. 



Конор мен Хабиб арасында өтетін Лас-Вегастағы 20 мыңдық аренаға билеттердің барлығы бірнеше минутта сатылып кеткен. ең азы 180 доллар, ал жақсы жерден тамашалағысы келетіндер үшін билет құны 2200 долларға алуға болады. Бұл жерде пайданың біршама үлесі алып сатарларға кететінін айта кету керек. Егер зал лық толы болған жағдайда табыс - 60 миллион доллар болады. Әрине бұл қаражаттың біршама бөлігі залдың арендасына, салыққа кетеді, алайда соның өзінде табыс көзі азайып қалмайды. Сонымен қатар, жекпе-жектің басқа да табыс көздері бар, олардан шамамен бірнеше миллион доллар түсетіні сөзсіз. 

Келесі аптада өтетін кездесуден жалпы есеппен 200 миллион доллар табыс түседі деп болжанады. Шоудың басты қаһармандары Конор мен Хабибқа берілетін қаражаты да аз емес. 

Макгрегор кепілдендірілген 15 милион, ал Нурмагомедов шамамен 3,5 миллион доллар алады. Хабиб үшін бұл спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіш. Ал Конор болса өткен жылғы кездесуі үшін бес есе көп қаражат алған еді. 



Хабиб пен Конор кездесуінде PPV сатылымдары қанша болғанына қарамастан жеңіс үшін берілетін қаражат мөлшері қатты өзгеріске ұшырамайды. Ары кетсе 1-2 миллион доллар артығырақ алып қалар. 

Футболшы, хоккейшілерге мұндай гонорарлар туралы оқу күлкілі болар. Алайда ММА әлемі үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. 

Айта кетейік, Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 229 турнирі аясында өтетін кездесудің басты теке-тіресі болып табылады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама