Конор МакГрегор "Ливерпуль" клубын сатып алмақшы

9 қараша 2022 16:42
©instagram.com/thenotoriousmma/

UFC промоушенінің жартылай орта салмағында экс чемпион Конор МакГрегор "Ливерпуль" клубын сатып алмақшы. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл жаңалықты естігенде клубты сатып алу туралы ұсыныс жасадым. Ыңғайы келіп жатса қолымыздан келгенше алуға тырысамыз", - деп жазды спортшы.

Еске салайық, Fenway Sports Group компаниясы "Ливерпуль" клубын сатылымға шығарды. Компанияның негізін қалаушы Джон Генри ағылшын командасын 2010 жылы сатып алған. Осы уақыт аралығында "мерсисайдтықтар" 2019 жылы Чемпиондар лигасын және 2020 жылы Англия біріншілігін жеңіп алды.

Биылғы АПЛ маусымында Юрген Клопп шәкірттері 19 ұпаймен турнир кестесінде 8-орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport