Конор Макгрегор карьерасын қайта жалғастыру мүмкін

21 тамыз 2020 17:57
Сурет: UFC
Екі салмақта UFC чемпионы атанған Конор МакГрегор карьерасын қайта жалғастыру мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Спортшы Инстаграм парақшасында төрт жыл бұрын Нейт Диаспен өткен кездесу туралы естелік суретімен бөлісіп, "Карьерамдағы ең маңызды кездесулердің бірін күтіп отырған сәт. МакГрегор / Диаз II. Вау! Мүмкін тағы кездесіп қалатын шығармыз", - деп жазды. 



Айта  кетейік, МакГрегор Диаспен екі рет жекпе-жек өткізген. Бірінші кездесуде ол жеңілсе, екінші кездесуде жеңіске жетті. 

32 жастағы Конор UFC ұйымында екі салмақта чемпион болған. Ол аралас жекпе-жектегі карьерасын 2008 жылы бастаған. Соңғы кездесуін ол 2020 жылдың қаңтар айында өткізіп, америкалық Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа жіберді. 

Жалпы ол 22 кездесу өткізіп, 4 айқаста жеңілген. Макгрегор дважды встречался с Диазом и дважды одерживал над ним победу.

Еске салайық, ирландиялық спортшы маусым айында карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Бірақ оның бұл шешіміне көпшілік күмәнмен қарап отыр. Себебі, ол осыған дейін екі рет карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасап, екі рет қайта оралған еді.