Конор МакГрегор карьаерасын аяқтауға қалай дайындалып жатқанын айтты

28 ақпан 2020 15:07
© newsmma.net
UFC жұлдызы ирландиялық Конор Макгрегор карьаерасын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды bjpenn.com

"Қанша ауыр естілгенімен, карьерасын аяқтаған соң спортшымен не болатынына бәрінің түкіргені бар. Бұл жекпе-жектерге ғана емес, спорттың кез келген түріне байланысты. Көптеген спортшының карьерасын қарап, не істеу керегі мен ненің қажет емес екенін сараптап көрдім. Менің ары қарайғы өміріме не қажет болады?

Шынымен ұнайтын салаға толық кіріп кетем. Жекпе-жектерге қатты ұнайтындықтан келдім және ісімді сүймесем, мұндай биіктерге жете алмас едім. Басқа сала - ол виски и және сән индустриясы, мұны білесіздер", - дейді Макгрегор.