Конор МакГрегор 2021 жылы карьерасын қайта бастайтын болды

18 қыркүйек 2020 12:05
Сурет: UFC
Екі салмақ бойынша UFC Конор МакГрегор келесі жылы карьерасын қайта бастауы мүмкін. Бұл туралы журналист Ариэль Хэльвани ұйымның президенті Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлады. 

Еске салайық, 7 маусым күні ирландиялық спортшы карьерасын аяқтағанын хабарлады. Конор осымен үшінші рет карьерасын аяқтап отыр. Бұған дейін ол екі рет спорттан кеткенін хабарлап, екі рет қайта оралған еді. 

МакГрегордың аралас жекпе-жекке қайта оралатынын спортшының менеджері Оуди Аттар да растапты. Ол қазір ұйыммен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Ал ұйымның президенті Дана Уайт болса, Конор үшін келесі жылдың басына тосын сый жасап жатқанын айтты. 

Айта кетейік, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың 18 қаңтарында Дональд Серронеге қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті. Жалпы ол 26 кездесу өткізіп, 22 кездесуде жеңіске жетсе, 4 кездесуде жеңіліп қалған. 





Метки: