MMA
22 қаңтар 2021 09:01
 

"Қолымды сындырып жатса да берілмес едім". Қазақстандық спортшы Хабиб Нурмагомедовтың інісімен айқас жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Қолымды сындырып жатса да берілмес едім". Қазақстандық спортшы Хабиб Нурмагомедовтың інісімен айқас жайлы Сергей Морозов. Сурет: mmamania.com©

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Умар Нурмагомедовтен жеңілді. Vesti.kz тілшісіне ол мән-жайды баяндап берді. 

blog.share

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Умар Нурмагомедовтен жеңілді. Vesti.kz тілшісіне ол мән-жайды баяндап берді. 

"Жауапкершілік әсер еткен болса керек. Еркін ұстай алмадым өзімді. Күттім, күттім де, бірақ ақыры қате жіберіп алдым. Бірінші раундта барымды салып, екіншісінде темпті үдету керек болатынмын. Білмеймін, ашыла алмадым.  

Умар жарады, әрине. Оны құттықтаймын. Ал маған көбірек тер төгу қажет. 

Берілудің не қажеті бар? Әр жекпе-жекке соңғы сияқты шығамыз. Қолымды сындырып жатса да берілмес едім. Құлатып тастаса да, соңына дейін айқасар едім. Мінезімде сондай бар. Соңына дейін барып, жеңген кездесулерім де болды. 

Қарсыластың аты-жөнінен емес, UFC-де бірінші рет шығып жатқаным ауыртпалық түсірді. Өзімді ыңғайсыз сезіндім. Қазір оны түсіндіре алмайтын сияқтымын. 

Әрине ештеңе көрсете алмадым. 

Хабиб жекпе-жектен кейін келіп: "Қапаланба. Бізге жиындарға кел" деді. Менің көңілімді түсірмесін дегені ғой, оған рахмет...

Жанкүйерлерге, қазақстандықтарға алғысым зор. Көбі қолдады. Бұл жігерлендіре түседі. Бұлай болады деп те ойламадым. Сондықтан маған қолдау білдіргендердің бәріне, ММА сүйер барша қазақстандық жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Мықтырақ болып ораламын. Қазақстанымды қуанту үшін барымды салып, жеңіске жетіп отырамын. Алға!, - дейді Морозов. 

Жарнама

Живи спортом!