MMA
24 қаңтар 2022 11:58
 

"Қолыма кісен салып...". Әйгілі Олег Тактаровты жабылып сабап кеткен

  Пікірлер

blog.share

"Қолыма кісен салып...". Әйгілі Олег Тактаровты жабылып сабап кеткен ©NewsNN

UFC-дің бұрынғы чемпионы, 54 жастағы ресейлік актер Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Александр Лютиковтың телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

blog.share

UFC-дің бұрынғы чемпионы, 54 жастағы ресейлік актер Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Александр Лютиковтың телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып.

Оны басынан битамен ұрып құлатып, кейін бірнеше адам тепкілеп, тұншықтырған. Тактаровтың аяқтарын байлап, қолдарын кісендеп қойып сабаған екен. Жанжалға ер адамның қызды қорғауы себеп болған.

Тактаров видео түсіріп, болған жайттың егжей-тегжейін айтып берді.

"Олар желкемнен ұрды. Менің ойымша, бейсбол битасымен. Ішкі гематома болды. Үстіме он адам секірді. Тұншығып жатқасын ояндым. Бетіме майкам түріліп қалған, тұншықтырғылары келді. 

Қолым артыма қайырылып тұрды. Балық аулайтын жіппен аяғымды байлады. 30-40 минут қозғалмай жатып қалдым, бірақ ұра берді. Бұл - күрделі мафия құрылымының бір түрі.

Полиция келгенде, жеңілдеп қалдым. Аман қалатынымды түсіндім, өйткені әр секунд сайын өліп қаламын деп ойладым. Ауа жетпеді", - деді Тактаров.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!