Көк ту мен түлкі тымақ. Қазақ файтер UFC-дегі бірінші жекпе-жегі алдында қарсыласының көзіне тік қарады

23 қазан 2020 15:32
Видеодан жасалған кадр
 Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында бразилиялық Алекс Оливейромен көз арбасты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін екеуі де салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық талап етілген салмақтан аспады, ал Оливейра лимиттен асып тұр. Енді ол гонорарының бір бөлігін Рахмоновқа береді. 



Спортшылар 24 қазанда Әбу-Дабидегі (БАӘ) Жекпе-жек аралында өтетін UFC 254 турнирінде жұдырықтасады.