"Көбі сескенеді". Сарапшы UFC-дегі қазақтың чемпиондыққа таласы жайлы

18 қараша 2021 10:02
©UFC

Нидерландтық журналист Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке қашан шыға алатынын айтты. 

"Шавкат Рахмонов масқара әсер қалдыратын спортшы. Қазірдің өзінде промоушендегі жартылай орта дивизионның көптеген спортшылары оған сескене қарайды. Егер бәрі осылай сәтімен болса, ол 2023 жылы чемпиондық айқасқа шыға алатын көрінеді. 

Қазіргі қарсыластары ең мықтылар емес. Чимаевпен жекпе-жек жақын арада мүмкін бола қоймас. Оған Микки Галл немесе Карлстон Харристі беретін шығар", - дейді Дорф.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport