Единоборства
7 сәуір 2023 11:28

"К***н айырамын". Адесанья өзін нокаутқа түсірген чемпионан кегін алмақ

©foxsports.com.au

Жаңа зеландиялық файтер Исраэль Адесанья келесі қарсыласы Алекс Перейраны сабауға уәде берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Адесанья - Перейра жекпе-жегі 9 сәуірде өтетін UFC 287 турнирінің басты айқасы болады.  

"Ол мені емес, мен оны сабасам қалай? Мен қасапшыдай оны бөлшектеп тастаймын. Мен үнемі солай жасайтынмын, ал қазір мен бұрынғыдан да жақсымын. Оған тыныс алуға мұрша бермеймін, жерге құлатып, мүмкін... Мен оның к***н айырамын, бетінен бет қалдырмаймын, бәрі шок болады. Мен кекшіл емеспін, бірақ бәрі есімде: "Есе қайтарған адам тәттірек күледі", - дейді Адесанья.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жек спортшылар арасындағы екінші кездесу болады. 2022 жылы қарашада өткен UFC 281 турнирінде Перейра бесінші раундта Адесаньяны нокаутқа түсіріп, орта салмақта UFC чемпионы атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport