MMA
21 ақпан 2024 17:20

"Клубқа барып чемпион боғлан дадамды көрсетші". Шавкат неге тойға бармайтыны туралы

©Тұрар Қазанғапов

Кәсіби боксшы Шавкат Рахмонов "Жағың сынса да, сағың сынбасын!" подкастына берген сұхбатында жарысқа дайындалу барысын айтып берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шавкат Рахмонов тойға бара бермейтінін жеткізді.

"Спорттың өзі жұмыс. Саған ешкім тиіспеуі қажет. Мысалы, мен дайындалған кезде көп жерге бармаймын, той, туған күн. Соңғы рет қашан тойға барғаным есімде жоқ. Мені көп шақырады, ия түсінемін, той жақсы, бұл қуаныш. Қазақстанның тойларында адамдар суретке түсейік деп көп мазалайды, сұрақ қояды, сөйтіп энергияңды алып қояды. Мұндай жерге бармау арқылы түрлі сұрақтардан қаша аласың. Психикаң да дұрыс болады, ашуланбайсың. Шынымды айтсам мені көп мазалағанды ұнатпаймын, сұхбат та көп бере бергім келмейді", - деді ол.

Сонымен қатар, кәсіби боксшы спорт жолына түскен жас жігіттерге кеңес берді.

"Менің жалпы спорт жолына енді түскен жастарға айтар кеңесім, егер бір жарысқа дайындалып жүрсең, түнде қыдырмау керек. Түнде қыдырып чемпион болған спортшыны көрсете аласыздар ма? Клубқа барып чемпион болып жүрген жігіттерді көрмеппін, есімде жоқ. Мысалы мен қазір клубқа мүлде бармаймын, өмірімде ждас кезімде 1-2 рет қана барғанмын. Адам алдына мақсат қойса, жан-жағына қарамай, дұрыс ортамен алға қарай басу керек", - дейді Шавкат Рахмонов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport