"К...ке отырғызамын". Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен айқас жайлы

21 маусым 2023 10:03
©DAZN

UFC-де өнер көрсететін америкалық Келвин Гастелум қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гастелум кәсіпқойда 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. UFC-дің орта салмақ рейтингінде 11-орында.

"Рахмоновтан хабарламаны көрдім. Кішкене өткірлеу сөздер жазуға болар еді. 

Жекпе-жекке шақыруыңды қабыл алдым, Шавкат! Тіпті саған күнді де ұсынуға дайынмын. Дана Уайт 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күніне Лас-Вегаста ғаламат турнир ұйымдастырмақ. 

Мен Шавкат үшін стиль жағынан сұмдық қиындықтар тудырамын деп ойлаймын. Ол шабуылдағанда өте ебедейсіз көрінеді, міне соны пайдаланамын. Екі соққы жасап, к...ке отырғызамын да, сабмишен жасаймын. 

Шавкат, күн бар, айқасқа шақырғаныңды мен қабыл алдым. Әлде твиттердегі хабарлама жәй ғана мен жаққа үргенің бе? Мен рас айтып тұрмын, командаңа айт, біз жекпе-жекке шыға аламыз", - деп жазыпты Гастелум әлеуметтік желіде жариялаған видеода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport