"Қиын жағдайда мен қалдым, Рамзан туысым, ал Хабиб досым". Қуат Хамитовтың бұрынғы қарсыласы

20 мамыр 2021 17:04
Сурет: championat

UFC файтері Зубайра Тухугов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың промоушеннің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің тарапына айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

Қадыров дағыстандық файтерді "UFC жобасы" деп атаған болатын. 

"Жақсы спортшы, бірақ...". Қадыров Хабиб Нурмагомедов туралы күтпеген мәлімдеме жасады

"Шешенстан мен Дағыстанның бауырлас халқы арасында не болып жатқанын көріп отырмын. Ең қиын жағдайда мен қалдым. Республика басшысы, Рамзан Ахматұлы менің үлкен ағам және туысым, ал Хабиб - жақын досым және бауырым, командасы да.

Бауырлас халықтарға айтқым келеді: Рамзан Ахматұлы ММА-ді сүйеді, ол ойын ғана айтты. Оның сөзінде намысқа тиер ештеңе жоқ. Бұл араздық тудыруға себеп емес. 

Дініміз жауласып, тіл тигізіп, бір-бірімізді төмендетуге, тыйым салады! Бөлінбеуге және бір-біріміздің намысымызды таптамауға шақырамын", - деп жазыпты Тухугов Instagram желісінде.