"Кездесеміз". Дамир Исмағұлов ресейлік Махачевпен қашан айқасатынын айтты

17 тамыз 2022 00:49
©Reuters

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC чемпиондығына үміткер Ислам Махачевке қарата мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Исмағұлов инстаграм парақшасында ресейлік қарсыласымен қашан айқас өткізетінін шамалап жазған.

"Екеуміз бірнеше жекпе-жектен кейін кездесеміз", - деп жазды Дамир Махачевпен бірге түскен суретін жүктеп.

Еске салайық, Дамир Исмағұлов өз салмағында америкалық промушеннің рейтингінде 15-орында тұр. Ал рейтингте төртінші сатыға жайғасқан Махачев келесі айқасын бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы өткізеді.

  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport