"Кез келгенімен". Жұмағұлов UFC-дегі келісі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

21 шілде 2020 12:25
Сурет: Fight Nights Global©
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін қай уақытқа жоспарлап отырғандығын айтты. 

"Жаттығуды бастадық. ИншаАллах, мықтырақ болып ораламыз! Ынта бар, дайын боламыз! Саят Әбдірахманов (менеджер), бауырым, қыркүйек/қазанда кез келгенімен шығуға дайын боламын", - деп жазыпты Жұмағұлов твиттер желісінде. 

Еске салайық, Жұмағұлов ақпанда қойған келісімшарты бойынша UFC-де төрт жекпе-жек өткізеді.