"Кешке дейін уақыттарыңыз бар". Қазақ спортшысы UFC ұйымына үндеу жасады

12 наурыз 2022 18:39
©instagram.com/ismagulov_damir/

UFC-де өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагулов (23-1) өзінің Instagram сторисі арқылы ұйымға үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Файтер америкалық промоушенде өзінің айқасын ұзақ күтіп қалғанын айтты. 

"Маған жекпе-жек беріңіздер, UFC. Сіздерде мұны істеуге кешке дейін уақыт бар. Менің Instagram парақшамды бұғаттағанша. Кім болса да менімен кездесу өткізуге келісім берсінші. Кез-келген қарсыласпен кез-келген уақытта", - деді ол. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport