"Керемет сынақ болғалы тұр". Менеджер Абрахманов Рахмоновтың қарсыласы туралы
UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавхат Рахмоновтың (13-0) менеджері Саят Абдрахманов спортшының жаңа қарсыласының деңгейіне баға берді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавхат Рахмоновтың (13-0) менеджері Саят Абдрахманов спортшының жаңа қарсыласының деңгейіне баға берді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін қазақстандық файтер 26 маусымда бразилиялық ардагер Мешель Празерспен (26-3) жекпе-жекке шығатыны туралы ақпарат тараған болатын. Рахмонов үшін бұл UFC ұйымындағы екінші кездесуі болмақ.
"Иә, 26 маусымда Шавхат октогонга қайта оралады. Ол UFC-де Гилберт Бернс, Майрбек Тайсумов сынды мықтылармен 13 жекпе-жек өткізген тәжірибелі спортшыға қарсы шығады. Оның үстіне Шавхаттың қарсыласы жеңіс сериясына жету үшін ұзақ уақыт жұмсаған. Бірақ ол соңғы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Шавхаттың басымдығы антропометрияда, қарсыласында - тәжірибеде болмақ. Меніңше бұл Шавхат үшін керемет тәжірибе болады әрі оның дивизиондағы орнын шегелеп береді. Ол әлемнің үздік ұйымында жақсы өнер көрсете беретініне сенімдімін” - дейді Абдрахманов өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жектің қайда өтетіні туралы ақпарат әлі шыққан жоқ.
Жарнама