"К...ді айыруға келемін". Ашуланған Майк Тайсон қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді

29 мамыр 2020 12:39
Видеодан жасалған кадр
Америкалық рестлингтен All Elite Wrestling промоушенінің экс-чемпионы Крис Джерико атақты боксшы Майк Тайсонды жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды allboxing.ru.

Суперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсон сәрсенбіде All Elite Wrestling's Dynamite шоуына қатысқан болатын. Осы кеште Тайсон рестлер Крис Джерикомен сөзге келіп қалды. 

Айта кетейік, он жыл бұрын Тайсон Джериконы нокаутқа түсірген болатын. Крис осы оқиғаны еске салып, кешірім өтінетінін айтқанда, Тайсон үстіндегі футболканы жыртып, рестлердің кеудесінен итеріп жіберді, осыдан кейін жаппай жаға жыртысу басталып кетті. 





Осы оқиғадан кейін боксшы мен рестлер бір-біріне қысқа видеожолдау жасады. 



Рестлер видеосында оны битамен іздеп жүргенін көрсетті, ал Тайсон: "Сенің к...ді айыруға келемін" деп тікке айтты.