"К...ді айырам". Қуат Хамитов ресейлік блогердің сазайын бермек

©https://www.instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов (21-8-1) ресейлік блогер Артем Тарасовпен кездесу өткізгісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

24 қыркүйек күні Хамитов Ресейдің Сочи қаласында Fight Nights кешінде ресейлік Мариф Пираевпен (27-4-1) кездесіп, жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін Тарасов октоганға көтерілді. Бұл жағдай қазақстандық спортшыға ұнамай қалған сияқты. 

"Бұл жігіттің сазайын бергім келеді. Октагонның ішіне кіріп, еркектердің тірлігіне араласқаның бекер болды. Мен Александр Емельяненко емеспін. Мен сенің к...ді айырам. Кез-келген жерді таңда. Шамаңды байқап көрейін", - деп жазды Қуат Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Хамитов өзінің келесі кездесуін 16 қазан күні өткізеді. Бұл күні ол ағылшын жігіт Крис Фишголдқа (18-4-1) қарсы айқасқа шығады. Кездесу Болтон (Ұлыбритания) қаласында Sparta FK  промоушенінде өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: