"Қазақтың тымағы әлемге әйгілі болады". Шавкат қандай жағдайда Хабибпен Нурмагомедовпен жұдырықтасатынын айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (14-0) Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (14-0) Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Онда спортшы бразилиялық Мишель Празересті (26-4) қалай жеңгені, UFC промоушенімен жаңа келісімшарт және Хабиб Нурмагомедов туралы айтты.
- Қолдауларыңызға рахмет, мен оны сезіндім.
- Келесі қарсылас кім?
- Бәрін UFC шешеді. Ал мен атақты файтерлерді қалаймын. Бұл мен және жанкүйерлер үшін де қызықты болады. Алайда ұсынған кез келген қарсыласпен жұдырықтасамын.
- Шавкат, гонорар туралы айтып өтсеңіз
- Маған оны әлі түсірген жоқ. Алған кезде қайда жұмсарымды ойланамын.
- Сізге Рафаэль Физиев секундант болып тұрды. Осы жайлы айтыңызшы?
- Мен одан спарринг серік болуды сұрағанмын. Менің бапкерім Баян Маратұлы виза ала алмай қалды. Сондықтан жалғыз аттандым. Сосын жергілікті америкалық бапкер көмектесті. Сонымен жаттықтым.
- Салмақ түсіру қалай өтті?
- Жеңіл. Салмақты өзім қуа беремін. Негізінен өз-өзіме диетологпын. Спортшылардың бәрі өз организімін сезіне білу керек.
- АҚШ-та жаттығу Қазақстанда дайындалғаннан гөрі жақсы ма?
- АҚШ ұнады. Онда жаттығу ыңғайлы. Өте қызықты болды. Қазақстан мен Америкадағы жаттығулардың ең жақсысын теріп алуға болады. Ол жерде өзгешелеу. Кәсіпқойлық басым. Қазақстанда әуесқой мектеп тамаша дамыған. Бізде ММА ол жақтан даму жағынан қалып келеді.
- Келісімшартқа қатысты жаңалық бар ма?
- Промоушенмен екі жекпе-жекке келісімшарт бар. Бірақ менеджермен сөйлесеміз, шарттары жақсы жаңасын жасайтын шығармыз.
- Хабибпен таныссыз ба?
- Хабибті бір-екі рет көргенмін. Сөйлесіп, сәттілік тілесіп қоштастық. Оның жекпе-жектерін тамашалаған ұнайды.
- Онымен шарша алаңға шығуға мүмкіндік болса?
- Егер бір салмақта өнер көрсетіп, ол чемпион болса, әрине. Ал былай бұл маған да, оған да қызық емес.
- Егер UFC-де қазақстандық спортшымен жұдырықтасуды ұсынса?
- Егер ол қаласа бас тарпаймын. Бірақ ондайға аса бір ықылас жоқ.
- UFC үшін қандай құрбандықтарға баруға тура келді?
- Уақыт, күш, денсаулығыңды кетіресің. Уақыттың бәрі жаттығу жиынына кетеді. Бұл үздіксіз стресс. Қарсылас ауысып, шықпай қоймасын деп ойлайсың. Спорт - оңай дүние емес.
- ММА болмаса?
- Бала кезден әскери болғым келетін. Бірақ мектепте жекпе-жектер қызықтырды.
- Екінші айқасқа кіммен дайындалдыңыз?
- Гилберт Бернс және UFC мен Bellator лигаларынан тағы екі жігіт.
- Жылына қанша жекпе-жек өткізгіңіз келеді?
- Екі немесе үш айқас, тамаша болады.
- Жекпе-жекке дайындықты қайда өткізген жақсы?
- Егер Еуропа немесе Дубайда өтсе, Қазақстанда дайындаламын. Егер АҚШ-та болса, сонда барамын.
- Чемпиондық жекпе-жекке қашан шығуыңыз мүмкін?
- Бұл туралы сөйлеу әлі ерте.
- Өзіңізді бокстағы Головкин сияқты сезінесіз бе?
- Мен UFC-де жалғыз емеспін. Морозов, Жұмағұлов бар. Бұйырса жеңіске жетеді. Дамир Исмағұлов жақсы келеді, өзінің қолтаңбасы бар.
- Бос уақытты қалай өткізесіз?
- Телефонда PUBG ойнаймын. Отбасыммен өткіземін, достарыммен.
- Басыңыздағы тымақ Хабибтің бас киіміндей атақты бола ала ма?
-Неге болмасқа. Ол әлден назарға түсіп отыр. Бұл біздің дәстүрлі бас киіміміз. Ағам сыйлаған еді.
Жарнама