Қазақтың күйі шырқалады. Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жекке қандай трекпен шығатынын айтты

Сурет: Arlan MMA©
Қазақ файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде шаршы алаңға қандай әуенмен шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қандай музыкамен шығатынымды сұрап еді. "Көңіл толқыны", - деп жазыпты файтер Instagram желісінде. 



Еске салайық, қазақстандық спортшы әлемдік промоушендегі бірінші кездесуін UFC 251 турнирінде өткізеді. Шоу Абу-Даби қаласындағы "Жекпе-жек аралында" өтеді. Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва.

Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көртесетеді. Трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 03:55-те басталады.