"Қазақтың кім екенін көрсетемін". Жұмағұлов UFC-гі жекпе-жек алдында

2 маусым 2022 12:23
©instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-6) хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Хейтерлер? Бұлар бұрын да болған. Ұлы Абай Құнанбаев 24-ші қара сөзінде айтып кеткен. Менталитетіміз осы, не істейміз? Олар үшін ойлана бермеймін. Ал, мені шын жүректен қолдайтындарға рақмет, Алла разы болсын.

Мен үнемі қазақтың кім екенін бәріне көрсеткім келетінін айтамын және айта беремін. Қазір менің мансабым онша жақсы емес шығар, бірақ, мен қазақтың кім екенін көрсетемін", - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, 5 маусымда Қазақстан уақыты бойынша Жұмағұлов пен америкалық Джефф Молина арасында жекпе-жек өтеді. Кейінгі айқасында жеңілген қазақстандықтың кездесуі алдын ала кардта өтеді. Шоудың басты оқиғасы Александр Волков пен Джаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport