Бокс
12 қаңтар 2023 10:18
 

"Қазақтың алыбы" Америкада қолғапсыз жекпе-жекке шығады

  Пікірлер

blog.share

"Қазақтың алыбы" Америкада қолғапсыз жекпе-жекке шығады ©Спортшының мұрағатынан

"Қазақ Титаны" атанып кеткен алып күш иесі Алмат Жұманов Vesti.kz тілшісіне АҚШ-қа аттанар алдында сұхбат берді. 

blog.share

"Қазақ Титаны" атанып кеткен алып күш иесі Алмат Жұманов Vesti.kz тілшісіне АҚШ-қа аттанар алдында сұхбат берді. 

Мұның алдында Жұманов америкалық Bare Knuckle Fight Championship промоушенімен төрт жекпе-жекке келісімшарт жасаған еді. 

Лига "Қазақтың албыбына" 2022 жылы тамызда Саяд "Иран Халкы" Гарибиді жеңгенне кейін назар аударған болатын.

- Қазір маған виза жасап жатыр. Бір-екі күнде қолыма тиеді, сосын АҚШ-қа аттанамын. Жаттығу, бейімделу. Екі аптадай. Осыдан кейін Майамиде жекпе-жек. Қарсылас әзірге белгісіз. Промоушеннің аса ауыр салмақта жалпы 15 боксшы бар. Солардың бірі. Бәрін қарап шықтым, өте мықты жігіттер. 

- Келісімшарт туралы айтып берші?

- Бірінші жекпе-жек үшін маған 10 мың доллар төлеу керек, одан кейін гонорар өсе береді. Егер төрт айқаста көзге түссем, жаңа келісімшарт ұсынады. 

 - Алдыңа қандай мақсат қойып отырсың?

- Мақсатым - әлем чемпионы атану. Соған жету үшін барымды саламын. Чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келгім келеді. Бұйырса соған жетемін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!