Анголалық файтер Манел Капе қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен UFC-дегі жекпе-жек алдында тым батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында ол қарсыласын бешбармаққа теңеп, жеп қоямын деп сес көрсеткен. Бұған Жалғас мұндай қорқытулар өтпейтінін айтып жауап берген еді.
Бірақ Капе мұны түсінбеген сияқты.
"Мына оң тізем қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсан қазақтарды тізеге отырғызамыз", - деп жазыпты Манел Instagram желісіне жаттығудағы суретін жария етіп.