"Қазақтар кім екенін сезінесің". МакГрегордың кардында жұдырықтасатын Жұмағұлов мәлімдеме жасады

30 қараша 2020 14:21
Сурет: UFC©️

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC 257 турниріндегі жекпе-жегі алдында қарсыласы Амир Альбазиге сес көрсетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өзім-ақ келемін!!! Қазақтың кім екенін және көшпенділердің рухын сезінесің", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Бұл кездесу 23 қаңтар  Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралындағы шоу аясында өтеді, бұл кештің басты айқасында Конор МакГрегор Дастин Порьемен жұдырықтасады.