auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстанның тумасы One Championship чемпиондық белбеуіне таласатын болды

Жекпе-жек сәуір айында өтеді.

Қазақстанның тумасы One Championship чемпиондық белбеуіне таласатын болды
Тимофей Настюхин. Сурет: FightNews.info©️

31 жастағы ресейлік Тимофей Настюхин (13-4) азиялық One Championship ұйымының чемпиондық белбеуіне таласатын болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Аралас жекпе-жекте жеңіл салмақта өнер көрсететін Настюхин 2019 жылдың қараша айынан бастап жекпе-жек өткізбеген. Соңғы рет ол UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Эдди Альвареспен кездесіп, жеңіске жетті. Оның алдағы кездесуі 14-сәуірге жоспарланып отыр. 


Жалпы Тимофей Қазақстанның тумасы. Ол 1989 жылы Алматы облысы, Талдықорғанның жанындағы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Спортшының анасы қазақ. Әкесі орыс. Бес жасқа дейін Настюхин Қазақстанда тұрып, кейін Ресейге көшіп кеткен. Тимофейдің өзі ресейлікпін дейді. Бірақ Қазақстаннан көп қолдау болатынын да айтады. 



Алдағы кездесуде оның қарсыласы сингапурлік Кристиан Ли (14-3) болады. 22 жастағы спортшы соңғы бес кездесуінде қатарынан жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта көптеген мамандар Кристианның UFC ұйымына ауысатынын айтып жүр. Ол шынымен де талантты. Тоғыз кездесуін нокаутпен аяқтаған. Карьерасын 17 жасында бірден One FC ұйымында бастаған. 

Ал Тимофей болса аралас жекпе-жекте 2014 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол алты рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. 








 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар