MMA
11 тамыз 2020 15:14

Қазақстаннан шыққан Азия чемпионын төбелес кезінде атып кетті

9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылдарының тұрғындары арасында болған төбелестің салдарынан атыраулық танымал спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қайтыс болды, - деп хабарлайды "АЖ".

"Ол жүрек тұсынан жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Бір апта бұрын ол 18-ге толған еді.  

Атырау облыстық полиция департаменті осы іске қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Кісі өлтірушінің ұсталған не ұсталмағаны да белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбы ауылында полицейлер рейд жүргізген",- делінген хабарламада.