Қазақстанға арнайы келді. UFC қазақ файтер туралы фильм түсіреді

©UFC.com

UFC қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсірмек, деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоушеннің түсірілім тобы Рахмонов жаттығып жатқан Алматыға келді. Басқа мән-жай белгісіз.

26 маусым Рахмонов америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісіне салып,  UFC-де төртінші жеңісіне жетті. Әзірге промоушенде қазақстандық жеңілген емес. Ал жалпы ММА-де ол 16 жекпе-жектің бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. 

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтінгінде оныншы тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport