Қазақстандықтар үшін есе қайтармақ. Қуат ресейлік чемпионды айқасқа шақырды

27 желтоқсан 12:52
©instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов "Наше Дело" лигасының чемпионы ресейлік Александр Грозинді айқасқа шақырды, деп жазады Vesti.kz.

Грозин Мәскеудегі жекпе-жек кешінің басты айқасында қазақстандық Мұратбек Қасымбайды төрешілер шешімімен жеңді, ал оған дейін Грозин Мұратбектің TOBET TOP TEAM-дағы командаласы Магомед Кабардиевті те карьерасында алғаш рет жеңілуге мәжбүр етті. 

"Наше дело" маған Александр Грозиннің біздің файтерлерді жеңе беретіні ұнамайды. Сондықтан айтайын дегенім - шалға диваннан тұрып, сегіз бұрышқа оралу керек болды, бұл жағдайды түзеу керек деп ойлаймын. Александр Грозин шешім қабылда, жекпе-жекке келіс, содан кейін кім мықты екенін көрейік", - дейді Хамитов Instagram желісіенде жариялаған видеода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport