"Қазақстандық Терминатор" ресейлік чемпионмен титул үшін айқасты

27 желтоқсан 12:05
©instagram.com/muratbek_kassymbay

"Қазақстандық Терминатор" лақап атты файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) Мәскеуде өткен "Наше Дело" поп-ММА лигасында ұйым чемпионы ресейлік Александр Грозинмен (23-4-1) жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Кештің басты оқиғасы болған жекпе-жектің үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті "Уральский Гангстер" лақап атты ресейлікке берді. 

Айта кетейік, жеңіл салмақта Open FC және "Наше Дело" чемпионы Грозин бұған дейін қазақстандық Магомед Кабардиевті (10-1) де жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport